22 наурыз » Б. Тамабаев атындағы бастауыш мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Б.Тамабаев атындағы бастауыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2017

22 наурыз

Кел,наурызым!

Кел,наурызым,шық төріме думандат,

Жұрт қарасын келбетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсатып,

Халқымда бір жадырасын сайрандап.

 

Наурызда жарқылындай жалын от бар,

Адамдар құлай сүйген қасиет бар.

Елімнің дәстүр-салтын жарқыратқан,

Жырыңда жүрек тербер өсиет бар.

 

Өлкеме наурыз келді,көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.

Халқымның салт дәстүрін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бері.

 

Сен ортақ дастарқансың бәрімізге

Толтырған сары уыздың нәрін бізге

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз

Жалғасар берекеміз сары күзге

 

Наурыз-ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы

Күдіктің безбеніне тартылмайтын

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы!

 

Басқа ұлтармен татулық жар салған,

Дәстүрімен мақтанамын елімнің

«Мен қазақ!»-деп дүниеге жар салам.

 

Қазағымның жаңа жылы келгенде,

Елім менің қуанышта жүргенде.

Мендегі өлең тау суындай тасыйды,

Қазағымның шаттық жүзін көргенде.

 

Наурыз келді ал тойлаңдар,жарандар,

Келген мына мереке қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар!


Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив