«Тәрбие көзі имандылық» ауыл ақсақалдар мен имаммен кездесу Хаттамасы
«Б.Тамабаев атындағы орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кезектен тыс сынып оқушыларымен «Тәрбие көзі имандылық» ауыл ақсақалдар мен имаммен кездесу
Хаттамасы
Өткізілген уақыты: 22.01.2021 жыл Уақыты: 10:00 –де
Қатысқаны: 43
Өтілу түрі: Қашықтықтан жүргізілді. ZOOM форматта
Күн тәртібінде:
1.«Жасырын терроризм» атты бейнефильмнің көрсетілу туралы. А.Салыбай
2.«Тәрбие көзі имандылық» атты сұхбат.
1.Тыңдалды:
1.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Б.К.Таубалдиева бейнефильм 8-9-10-11 сынып оқушыларына көрсетілді. Жастар арасындағы әсіресе кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады деп атап айтты. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе-құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мекеменің басты назарында үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі. Өкінішке орай күнделікті орын алатын түйткіл мәселе болып отырған ақпарат құралдарының бірі телефонға байланысты түрлі оқиғалар орын алады, бірақ ойынның арты үлкен күрделі мәселе туындайтындығын ешкім ол жайлы ойлана бермейді. Істеген ісінің артын кеш түсінеді. Міне бүгінгі деректі фильмді көріп, әрбір осында отырған жасөспірім жастар өздеріне қажет ой түйіндеді деп ойлаймын. Қазіргі таңда ата –ана тарапынан айыппұлмен ғана шектелмейді, онымен қоса қылмыстық іс қозғалып, үлкен келеңсіз жағдайлар туғызады. Сөз соңында әрбір оқушы ең алдымен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, сонан соң шешім қабылдау керектігін айтты.
Сөйлеушілер:
1.Сапар Алмас– 9 «Ә» сынып оқушысы. Мен бұл бейнефильмдегі кейбір эпизодтарды теледидардан жаңалықтардан да көріп, есітіп жүрмін. Бірақ мұндай жайттарды мен де видеофильмдегі кейіпкер сияқты тек қана айыппұл төлеумен ғана шектеледі деп ойлаппын. Бүгінгі көрсетілген деректі фильм жалғыз маған ғана емес, барлық оқушыларға әсер етіп өз ойларын түйіндеді, өздеріне қажет мағлұмат алды.
2.Бақытқазы Жанель - 9 «Ә» сынып оқушысы. Өкінішке орай мұндай жағдайлар күнделікті өмірде орын алып жатқандығын білеміз. Мұндай деректі видеофильмнің көрсетілуі дұрыс деп санаймын. Мұнда отырған жастар 14 жасқа толған оқушылардың жауапкершілігі қылмыстық іске тартылатындығын түсінді.
2.Тыңдалды:
1. Ауылымыздың бас имамы - Сапарғалиев Қ.Т. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз. Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды. Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті.
Сұрақтар болған жоқ.
Шешім:
1. Жасөспірім арасында ақпарат құралы телефон бойынша қылмыстық істің орын алу жайында видеофильм көрсетіліп түсінік жұмыстары жүргізілсін.
2. Оқушылар арасында ақпарат құралы телефон бойынша құқық бұзушылық туралы толық ақпарат таратылсын.
3. «Тәрбие көзі имандылық» бойынша сынып жетекшілер сынып сағаттарында әңгіме сұхбаттарын жүргізсін.
Жиналыс төрайымы К.Исабаева
Жиналыс хатшысы Б.Таубалдиева